Жұмыс сапарымен Степногорск қаласының аумағында ветеринариялық және биологиялық препараттарды шығаратын «BIOTRON GROUP» кәсiпорнына бардым.
Кәсiпорын микробтық синтез жолымен алынатын вакциналар мен басқа да биологиялық препараттарды дайындауға арналған барлық қажеттi технологиялық және зертханалық жабдықтармен қамтылған. Өндiрiс қуаттылығы жылына 50-55 тонна өнiмдi құрайды. Өнiмдi өткiзу нарығы — Қазақстан өңiрлерi мен ТМД елдерi. Атаулы кәсiпорын үш жыл бұрын кәсiпкерлiктi дамыту Картасы шеңберiнде Қазақстанның Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң ауыл шаруашылығы саласындағы неғұрлым перспективалы жобалардың бiрi-фосфат мобилизациялайтын және азотты бекiтетiн бактериялар негiзiнде топырақтың құнарлылығын арттыратын «БиоАзоФосфит» кешендi биотыңайтқыш өндiрiсiн әзiрлеуге грант алған.