Степногорск қаласында шамамен 14 шақырым су құбыры қайта жаңғыртылды

Степногорск қаласында шамамен 14 шақырым су құбыры қайта жаңғыртылды

 

Степногорск қаласында магистральдық су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдан бері мамандар жоба бойынша қарастырылған 35 шақырымнан астам желінің шамамен 14 шақырымын жаңартты.

Ең күрделі учаскелердің бірі — Ақсу өзені арқылы өтетін бөлік. Жобалық тереңдікте тау жыныстарының шығуына байланысты құбырларды бастапқы әдіспен төсеу мүмкін болмады. Нәтижесінде екі су құбырына арналған футлярлар өзеннің түбімен төселді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін уақытша үйінді толықтай алынып тасталды, бұл ретте өзен арнасы толығымен жабылған жоқ.

Жұмыстар жалғасуда.