Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ельдос Рамазанов Степногорск қаласының жылыту маусымына дайындығымен танысты
Сапар барысында магистральдық жылу желілеріндегі нысандардың қазіргі жағдайы және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Тексеру барысында жұмыстарды орындау мерзімдері, жөндеу сапасы және жылумен жабдықтау инфрақұрылымының дайындығы талқыланды.