
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
Степногорск қаласы әкімінің аппараты 2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою.
Барлық мүдделі тұлғалар (қоғам өкілдері, сарапшылар, аудан тұрғындары) талдау тобының жұмысына қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 маусымға дейін.
Байланыс үшін:
Қатысу мәселелері бойынша «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қаратай Ажар Хайырқызына хабарласуға болады.
Байланыс телефондары: 8 777 474 67 38, 7-38-15.