Степногорск қаласында қала маңындағы маршруттарға 12 жаңа автобус іске қосылады

Степногорск қаласында қала маңындағы маршруттарға 12 жаңа автобус іске қосылады

2026 жылғы 6 мамырдан бастап Степногорск қаласында қала маңындағы маршруттарға «Тұлпар-Степногорск» ЖШС тасымалдаушысы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, Ақмола облысы әкімдігі және Степногорск қаласы әкімдігінің қолдауымен сатып алынған 12 жаңа заманауи автобус іске қосылады.

Жаңартылған жылжымалы құрам Степногорск – Карабулак, Степногорск – Заводской және Степногорск – Ақсу (Кварцитка) бағыттары бойынша қатынайды.

Жолақыны төлеу ыңғайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Автобустарда QR-код арқылы және терминалдар көмегімен банктік карталармен қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Автопаркті жаңарту қала көлік жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.