
«Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ халықты және мүдделі тараптарды Степногорск қаласының аумағында орналасқан ауданы 125 га индустриялық аймақты және ауданы 30 га индустриялық субзонаны егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеудің басталғаны туралы хабардар етеді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу аумақтың сәулеттік-жоспарлау ұйымын айқындау, өндірістік, инженерлік және көліктік мақсаттағы объектілерді орналастыру, сондай-ақ қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
Осы хабарлама халықты және мүдделі тараптарды қала құрылысы жобасын әзірлеу туралы хабардар ету мақсатында орналастырылған.
ХабарламаресмибаспабасылымындажәнеСтепногорскқаласыәкімдігініңресмисайтындажобалауғатапсырмабекітілгенкүнненбастапкүнтізбелік30 күннен кешіктірілмейорналастырылады.
Анықтама телефоны: 8 (71645) 7-34-31.