Степногорск қаласындағы индустриялық аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу туралы хабарлама

Степногорск қаласындағы индустриялық аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу туралы хабарлама

СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

 

«Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ халықты және мүдделі тараптарды Степногорск қаласының аумағында орналасқан ауданы 125 га индустриялық аймақты және ауданы 30 га индустриялық субзонаны егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеудің басталғаны туралы хабардар етеді.

 Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу аумақтың сәулеттік-жоспарлау ұйымын айқындау, өндірістік, инженерлік және көліктік мақсаттағы объектілерді орналастыру, сондай-ақ қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.

 Осы хабарлама халықты және мүдделі тараптарды қала құрылысы жобасын әзірлеу туралы хабардар ету мақсатында орналастырылған.

 ХабарламаресмибаспабасылымындажәнеСтепногорскқаласыәкімдігініңресмисайтындажобалауғатапсырмабекітілгенкүнненбастапкүнтізбелік30 күннен кешіктірілмейорналастырылады.

Анықтама телефоны: 8 (71645) 7-34-31.