Степногорск аймағында су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

Степногорск аймағында су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

Құрметті Степногорск аймағының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылдың көктемгі кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою және шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы “Су тасқынына қарсы жедел штаб” құрылды.

Штаб су тасқыны кезеңінде 5 наурыздан бастап күндіз, ал ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Барлық сұрақтар бойынша 7-36-02, 5-53-59, 87715610339 телефондарына хабарласуға болады.