Степногорск қалалық сотының төрағасы тағайындалды

Степногорск қалалық сотының төрағасы тағайындалды

Ақмола облысытық сотының төрағасы Әмiр Досжан Сарманқұлұлы қалалық соттың төрағасын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 21-қазандағы № 440 жарлығына сәйкес Степногорск қалалық сотының төрағасы болып Бекентаева Бибiгүл Қайыркелдiқызы тағайындалды.

Бибiгүл Бекентаева 1975 жылы 9 тамызда Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кентiнде дүниеге келдi.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау облыстық сотының машинисткасi болып бастады. 1993 — 1996 жылдары Көкшетау облыстық сотының сот мәжiлiсiнiң хатшысы болды. 1997 — 1999 жылдары Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының жетекшi кеңесшi — аудармашысы болып қызмет атқарды. 1999 — 2003 жылдары Ақмола облыстық сотының сот мәжiлiсiнiң хатшысы. 2003 жылдан тағайындалғанға дейiн Ақмола облысы Степногорск қалалық сотының судьясы қызметiн атқарды.