Спорт алаңдарын аралау

Спорт алаңдарын аралау

Еркебұлан Баяхметов 4 және 9 шағынаудандардағы спорт алаңдарын аралады. «Степногорск қаласының абаттандыру элементтерiн ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар» бағдарламасы аясында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын алаңы, көпфункционалды жаттығу алаңы жабдықталып, халықтың жайлы демалуы үшiн арнайы аймақтар құрылды. Жаңа алаңдар барлық заманауи стандарттарға сай келедi. Спорт алаңдарында жарақат алуға қауiпсiз резеңке жабыны орнатылған.