Қаламыздың тұрғыны әжемізге 108 жаста

Қаламыздың тұрғыны әжемізге 108 жаста

«Мейiрiмдiлiк айлығының» басты мақсаты- қарттарымызға барынша көңiл бөлу

Осы негiзде Еркебұлан Баяхметов биыл 108 жасқа толған Қатира Мусина әжейге арнайы барып, көп жасаған қарияны құттықтап қайтты. Қатира әжей балаларын өсiрiп жеткiзген ана, қазiргi кезде жасы ұлғайғанына қарамастан, немерелерi мен шөберелерiне тəлiм-тәрбие берiп отыр. Шаһар басшысы әжемiзге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, жақындарына көңiл бөлiп, қамқорлық, үйдегi жылулық пен жайлылық тiледi.