
Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту және инвестициялық аймақты одан әрі қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында Ерейментау ауданында ет кластерін құру жөніндегі консорциумның кеңесшісі Гүлмира Исаева мен мал өсірушілер одағының төрағасы Дәурен Салықовтың баяндамалары тыңдалды. Спикерлер өңірде қалмақ тұқымды ірі қара малын өсіру перспективалары және мал өсірушілерді несиелендіру бағдарламалары туралы баяндады.
Ерейментау ауданының «Соколинки и К» ЖШС мен «Торғай» ЖШС негізгі (якорлық) кәсіпорындар ретінде айқындалды. 2025 жылы бұл шаруашылықтар 4,3 мыңнан астам бас қалмақ тұқымды ірі қара малын әкеліп, карантиннен өткізді. Ет кластерін белсенді дамыту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін оқыту мақсатында Торғай ауылында Фермерлер үйінің құрылысы басталды.
Сондай-ақ кеңес барысында Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары қаралды.