"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 25 қарашада сағат 11:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында ("Б" блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібі
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2 "2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19/11 "Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) 2026 жылға Степногорск қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
4) Степногорск қаласында арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы №8С-13/5 "Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6)"Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы";
Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==