
Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары!
2025 жылғы 31 қазан сағат 10:00-де
«Горняк» мәдениет үйінде (1-қабат) «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Акция аясында азаматтар төмендегі мемлекеттік органдар мен мамандардан тегін кеңес ала алады:
қалалық прокуратура өкілдері
адвокаттар мен заңгерлер
полиция басқармасының қызметкерлері
әкімдік, мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері
білім бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар бөлімі және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандары
Барша қала тұрғындарын білікті заң көмегін алу үшін қатысуға шақырамыз!
📍 Өтетін орны: Степногорск қаласы, «Горняк» мәдениет үйі, 1-қабат