Қала әкiмi Еркебұлан Баяхметов жұмыс сапарымен Заводской және Ақсу кенттерiне барды. Заводской кентiндегi Б.Момышұлы, А. Құнанбаев, Етекбай би көшелерiнiң жолдарын жөндеу жұмыстарының аяқталуымен және Ақсу кентiндегi А. Қабылденов көшесiнiң орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Қала әкiмi Еркебұлан Баяхметов жұмыс сапарымен Заводской және Ақсу кенттерiне барды. Заводской кентiндегi Б.Момышұлы, А. Құнанбаев, Етекбай би көшелерiнiң жолдарын жөндеу жұмыстарының аяқталуымен және Ақсу кентiндегi А. Қабылденов көшесiнiң орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бүгiнгi күнi Қабылденов көшесiнде асфальттың бiрiншi қабаты төселдi, екiншi қабатын төсеу жұмыстары жүргiзiлуде. Жұмыстарды 11 қазанға дейiн аяқтау жоспарлануда.

Одан әрi қала басшысы «Green park» саябағында «Қазақалтын Technology» ЖШС салған көпфункционалды спорт алаңына барды. Алаңда волейбол, футбол, баскетбол, хоккей, үлкен теннис ойындары, сондай-ақ көше тренажерлерi орнатылған.