Құрметті ұстаздар! Білім саласының қызметкерлері!

Құрметті ұстаздар! Білім саласының қызметкерлері!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймың!

Бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiзде бас әрiппен жазылған өз Ұстазымыз бар-даналықпен, рухани жомарттықпен, терең бiлiммен өзiнiң iшкi әлемiн бiлуге көмектестi, оны байытты, болашақты құруға үйреттi. Қоғам өмiрiнде педагогтың, мұғалiмнiң, тәлiмгердiң рөлi зор. Қазiргi бiлiм берудегi өзгерiстерге байланысты кәсiбилiктi, даналықты және шыдамдылықты талап ететiн сiздiң еңбектерiңiздiң теңдесi жоқ.

Қалада бiлiм беру жүйесiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасалуда. Мектептер мен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң желiсi дамуда, олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, олар қазiргi заманғы жабдықтармен және техникамен жарақтандырылуда.

Қадiрлi ұстаздар!

Осы тамаша мереке күнi Сiздерге зор денсаулық, отбастарыңызға баянды бақыт, шығармашылық өсу, жас ұрпақты тәрбиелеу мен бiлiм беру iсiнде табыс тiлеймiн.