Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті

Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті

Бүгін Степногорск қаласында аға буын өкілдеріне арналған жаңа әлеуметтік нысан – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті.

Іс-шараға қала әкімі Гайдар Қасенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол орталықтың ашылуы – егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

Шара барысында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сондай-ақ орталықтың жұмысымен танысу мақсатында экскурсия өткізілді. Мұнда спорт залы, шығармашылық, музыка және т.с.с. кабинеттер жұмыс істейді.

Жаңа орталық зейнет жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуге, қарым-қатынас орнатуға және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасайды.