18 қазан күні Республика күні қарсаңында Қарабұлақ ауылында жаңа спорт алаңының ашылу рәсімі өтті.


18 қазан күні Республика күні қарсаңында Қарабұлақ ауылында жаңа спорт алаңының ашылу рәсімі өтті.


18 қазан күні Республика күні қарсаңында Қарабұлақ ауылында жаңа спорт алаңының ашылу рәсімі өтті.
 Ауылда салынған жаңа нысан әмбебап спорт алаңы болып табылады: жаз мезгілінде футбол алаңы ретінде, ал қыс кезінде хоккей корты ретінде пайдаланылмақ. Сонымен қатар, аумақта турник пен жаттығуға арналған аймақ орнатылған.
⠀

Іс-шара барысында қала әкімі Гайдар Касенов сөз сөйлеп, ауыл ақсақалымен бірге салтанатты түрде лентаны қиып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, дәстүрлі шашу шашылып, көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Ал жергілікті мектеп оқушылары салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция өткізді.
⠀

Ауыл тұрғындары жаңа спорт алаңының ашылуын зор қуанышпен қабылдады. Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асия Қарағұлова: «Бүгін біздің Қарабұлақ ауылымызда ерекше іс-шара өтті. Яғни, бүгін корт алаңының ашылуына ауыл болып, мектеп болып қуанып жатырмыз. Бұл болашақта балаларымыздың салауатты өмір салтын ұстануына үлкен әсері тиеді», – деді.