Бүгін қала әкім жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

Бүгін қала әкім жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

Бүгін қала әкімі Гайдар Касенов жұмыс сапарымен жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Бұл орталық бұрынғы автобекет ғимаратының қайта жаңғыртылуы нәтижесінде ашылып, бүгінде толыққанды жұмыс істеуде.

Қала басшысы көрсетілетін қызметтердің барысымен танысып, азаматтарға ұсынылатын жағдайларды тексерді. Сондай-ақ, тұрғындармен тілдесіп, қызмет сапасы мен қолжетімділігі жайында пікірлерін тыңдады.

Бүгінде қала тұрғындары барлық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы әрі жылдам алу мүмкіндігіне ие.