
Бүгін қалада коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығын тексеру мақсатында техникаға дәстүрлі күзгі шолу өткізілді. Іс-шараға қала әкімі Гайдар Касенов, төтенше жағдайлар бөлімі, сондай-ақ ШЖҚ «Степногорск-Водоканал» МКК және басқа да коммуналдық қызметтер қатысты.
Тексеру барысында арнайы техниканың техникалық жағдайы, материалдық қорлардың жеткіліктілігі және персоналдың дайындық деңгейі қаралды. Барлық қызметтердің қысқы маусымда тұрақты жұмыс істеуге дайын екені атап өтілді.