Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Бүгін әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, тұрғындардың игілігі жолында қызмет етіп жүрген мамандарға алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, мерекелік көңіл-күй сыйлаған шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері — қамқорлық пен мейірімнің үлгісі. Олардың еңбегі қоғамның тұрақты дамуына зор үлес қосады. Барша әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!