Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың төрағалығымен қала әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті.

Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың төрағалығымен қала әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті.

20 қазан күні Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың төрағалығымен қала әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста қала әкімінің орынбасарлары, әкім аппараты мен дербес бөлімдердің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының, қалалық қызметтер мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1) 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы;

2) 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қала бюджетін орындау мәселесі.

Отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, қойылған міндеттерді тиімді орындаудың маңыздылығын атап өтті.