29 қыркүйек күні Еңбек күні мерекесі аясында қала әкімі Гайдар Қасеновтың қатысуымен еңбек ардагерлерін ұлықтауға арналған іс-шара өтті. Шараға қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ардагерлері, сондай-ақ жас буын өкілдері қатысты. Қала басшысы Гайдар Қабдоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, еңбек ардагерлерін марапаттады. Ардагерлер өздерінің өмірлік және еңбек жолдары жайында әңгімелеп, жастардың сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдауға қатысты құнды кеңестер берді.