
29 қыркүйек күні әкімдікте қала әкімінің орынбасары Дархан Оспановтың төрағалығымен қылмыстық жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті.
Отырысқа прокуратура өкілдері, дербес бөлім және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
• Бостандықтан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту және квота бойынша жұмысқа орналастыру;
• Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету.