Бүгін қала әкімі Гайдар Қасенов 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Қала басшысы құрылыс бөлімінің басшысы Асхат Игберденовке жұмыстың сапасын қамтамасыз ету және тұрғындардың қолайлы жағдайын қарастыру бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою, жұмыстың сапасын арттыру мәселелеріне тоқталып өтті.