Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Оспановтың төрағалығымен адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.
Отырыста білім бөлімінің, қалалық мәслихаттың, “Viamedis” емханасының, Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері қатысты.
Кеңесте вакцинацияны ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қарастырылды.