Бүгін қаламызда Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Қала тұрғындарына құттықтау сөзін қала әкімінің орынбасары Дархан Оспанов арнады. Өз сөзінде ол қоғамдағы отбасы институтының ерекше рөліне тоқталып, берік отбасылық құндылықтар өскелең ұрпақты тәрбиелеудің және елдің дамуының негізі екенін атап өтті.
Іс-шара барысында қаламыздағы құрметті отбасылар отбасы құндылықтарын нығайтуға және жас ұрпаққа өнеге көрсетуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік бағдарлама көңілді концертпен аяқталып, тұрғындарға шаттық пен жылылық сыйлады.