Бестөбе кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында экологиялық акция өтті.
2025 жылғы 6 қыркүйекте сағат 10:00-де Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты – тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, тұрғындар арасында табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті дамыту. Әрбір адамның туған жерін көркейтуге қосқан үлесі ортақ игіліктің кепілі болып табылады.
Ортақ іске мемлекеттік қызметшілер, кент кәсіпорындарының өкілдері, соның ішінде «Қазақалтын» ЖШС ұжымы, шағын бизнес өкілдері, жастар, белсенділер, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты. Барлығы бірігіп 500-ден астам адам Бестөбенің көшелері мен қоғамдық аумақтарын тазалап, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жалпы күш-жігердің арқасында кент айтарлықтай көркейіп, тазалық орнады. Сенбілік тек қана экологиялық жағдайды жақсартумен шектелмей, қоғамдағы ауызбіршілік пен белсенділікті нығайтты.
«Таза Қазақстан» сияқты экологиялық бастамалар табиғатты қорғаудың күнделікті таңдау екенін дәлелдейді. Қоршаған ортаны таза сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.