Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, қаланың активімен кеңес өткізді. Кеңесті ашқан өңір басшысы ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар міндеттерді атап өтті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, қаланың активімен кеңес өткізді. Кеңесті ашқан өңір басшысы ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар міндеттерді атап өтті.
Кеңестің басты мәселелерінің бірі – алдағы жылыту маусымына дайындық болды.
Биыл бұл мақсатқа кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 7,5 млрд теңге бөлінген. Жұмыстарға қазан агрегаттарын, газ өткізгіштерді және бас түтін мұржасын күрделі жөндеу кіреді. Бұл тек жабдықтың техникалық сенімділігін ғана емес, сонымен қатар оның энергия тиімділігін арттырып, болашақта шығындарды азайтып, степногорлықтардың үйлеріне тұрақты жылу жеткізуге мүмкіндік береді. Үкімет резервінен магистральдық жылу желілерін жөндеуге 2,7 млрд теңге бөлініп, тарату желілері қайта құрылуда және ішкіқалалық желілерге күрделі жөндеу жүргізілуде.
Марат Ахметжанов қаланы қысқа дайындауда жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, стратегиялық нысандардағы жөндеу жұмыстарынан бастап тұрғын үйлерге жылу беруге дейінгі процестерді қамту қажеттігін айтты. Сондай-ақ қаладағы абаттандыру мәселелері қаралды.