
Степногорск қаласында Конституция күні мен Шахтер күніне арналған «Golden Road» bike fest фестивалінің екінші күні өтті. Бағдарлама аясында мотоцикл жарыстары және «С глазу на глаз», «Echoes of Eden», «52/50» топтарының концерттік нөмірлері ұйымдастырылды. Кештің хедлайнері ретінде Алматы қаласынан келген «КИНОгерой» тобы өнер көрсетті.
Фестиваль мотоспорт пен сапалы музыканы сүйетіндерді біріктіріп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдарламаның соңында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.