2025 жылғы 31 тамызда жедел штабтың бастамасымен егіс алқаптарының жағдайын мониторингтеу үшін жұмыс сапары ұйымдастырылды.

2025 жылғы 31 тамызда жедел штабтың бастамасымен егіс алқаптарының жағдайын мониторингтеу үшін жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Степногорск өңірінде егін жинау науқаны басталды

Ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды кезең – егін жинау науқаны Степногорск өңірінде басталды. 2025 жылғы 31 тамызда аралықта жедел штабтың ұйымдастыруымен өңірдегі бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының алқаптарына шығып, мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстары ҚР АШМ АӨК-гі Мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты РММ «Фитосанитарлық диагностика және болжау жөніндегі республикалық әдістемелік орталығы» Ақмола облыстық филиалының басшысы Нұрбек Садықовтың төрағалығымен өткізілді.

Тексеру барысында ТОО «Азат Агро», ТОО «Орбита+», ШҚ «Орбита», ШҚ «Береке» сияқты шаруашылықтардың алқаптары қаралды. Жалпы 2 300 гектар майлы дақылдар мен 2 200 гектар дәнді дақылдардың жай-күйі зерттелді. Мониторинг мақсаты – дәнді және майлы дақылдардың түрлік құрамын анықтау және өнім сапасын бағалау.

Мамандардың айтуынша, егіннің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, алдағы уақытта орақ науқаны жоғары қарқынмен жалғасады деп күтілуде.