Қарабулак ауылында «Мәдениет үйінің құрылысы» нысанына жұмыс сапары

Қарабулак ауылында «Мәдениет үйінің құрылысы» нысанына жұмыс сапары

Бүгін қала әкімі, құрылыс бөлімінің басшысы және Қарабұлақ ауылының әкімі бірлесіп, ауылдағы «Мәдениет үйінің құрылысы»нысанына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен жобаның жүзеге асырылу барысы тексерілді. Еске сала кетейік, мердігер ұйым – «Таир» ЖШС.

Сонымен қатар мектеп жанындағы көшедегі жаттығу алаңының абаттандыру жұмыстары қаралды. Бұл жоба балалар мен жастардың спортпен айналысуына және белсенді демалысына жағдай жасайтын болады.