В Степногорске будут приняты меры для максимальной безопасности школьников на дорогах

В Степногорске будут приняты меры для максимальной безопасности школьников на дорогах

Степногорск қаласында оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданатын болады.

21 тамыз күні қала әкімдігінде жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша мектептер маңына жетіспейтін жол инфрақұрылым элементтерін, соның ішінде жаяу жүргіншілер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жасанды кедергілерді, жедел орнату туралы шешім қабылданды. Оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр.