Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ақмола облысының әріптестерімен кездесті

Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ақмола облысының әріптестерімен кездесті

Степногорск қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ақмола облысының әріптестерімен кездесті.

Бұл басқосу екі ел арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, импорттық-экспорттық әлеуетті арттыру, сондай-ақ озық агротехнологиялық тәжірибелермен алмасу мақсатында өтті. Кездесу нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және дақылдардың тұқымымен алмасу бойынша өзара ниеттестікке қол жеткізілді.