Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Фархат Байқасовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша дербес бөлімдердің, әлеуметтік нысандардың басшыларына және де ауылдық округтер мен кенттердің әкімдеріне тапсырмалар берілді.