Бүгінде қаламыздың орта білім беру ошақтарында мектеп формасын қалтқысыз сақтау – тәртіп пен бірыңғай мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналды. Осы бағытта бірнеше мониторинг жүргізіліп, ата-аналар мен ұстаздар қауымымен, сондай-ақ жауапты мекемелер өкілдерімен бірлескен жұмыс атқарылуда.
Жақында мектеп формасы талаптарының орындалу барысын талқылау үшін Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия тобының кезекті отырысы өтті.
Кеңес барысында бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, оқушылардың бірыңғай киім үлгісін сақтауына қатысты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды