Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б.А. Исаков Степногорск қаласына келді. Сапардың мақсаты — 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік нысандардың дайындығын кешенді тексеру.
Сапар барысында инспектор Степногорск жылу электр орталығының жұмысымен, сондай-ақ қаланың жылу желілерін реконструкциялау және ағымдағы жөндеу барысымен танысты. Биыл «Степногорск Теплотранзит» кәсіпорының қаражаты есебінен ұзындығы 2,6 км жылу желісін жөндеу жоспарланған, сонымен қатар ұзындығы 9 км-ден астам магистральдық құбырларды жаңғырту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Ерекше назар ұзындығы 19,6 км «Степногорск қаласының жылу желілерін қайта құру — 1-кезең» жобасына аударылды. Жобаны іске асыру мерзімі — 2024–2026 жылдар. Осыған байланысты «УК Строй» ЖШС және «КазЕвроСтрой» ЖШС-ның есептері тыңдалды.