Бүгін қала әкімінің орынбасары м.а. Әсет Днесламұлының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының м.а. төрағалығымен коммуналдық қызметтер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Күн тәртібінде – жоспарлы және апаттық жұмыстардан кейінгі абаттандыруды қалпына келтіру мәселелері, сондай-ақ алдағы уақытта аулаларды абаттандыру жоспарланатын шағынаудандардың аумақтары талқыланды.