Степногорк қаласында жаңа көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ресми түрде басталды

Степногорк қаласында жаңа көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ресми түрде басталды

Степногорк қаласында жаңа көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Спорт нысаны қала құраушы кәсіпорын – «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамының әлеуметтік жауапкершілігі негізінде салынып жатыр.
Болашақ спорт сарайының капсуласын салу рәсімінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жобаның қала дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде «АК Алтыналмас» АҚ басқарма төрағасы Баламир Маханов компания тарапынан әлеуметтік жауапкершілік аясында 1 000 орындық заманауи мектеп салу жоспарда бар екенін тілге тиек етті.
Жаңа спорт орталығының жалпы аумағы шамамен 6 мың шаршы метрді құрайды, құрылыс көлемі – 49 мың текше метрге жуық. Кешен төрт негізгі блоктан тұрады: 40 заманауи жаттығу құралымен жабдықталған тренажер залы, 30 адамға арналған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қолайлы бассейн, 320 көрерменге арналған әмбебап спорт залы, көркем гимнастика мен бокс залдары болады.