Степногорск қаласының әкімі ауылдық елді мекендерге жұмыс сапарымен барды

Степногорск қаласының әкімі ауылдық елді мекендерге жұмыс сапарымен барды

Степногорск қаласының әкімі ауылдық елді мекендерге жұмыс сапарымен барды

17.07.25 қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Изобильное, Байқоныс, Қарабұлақ ауылдарына және Бестөбе мен Заводской кенттеріне жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Сапар барысындағы алғашқы нысан – Изобильное ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы болды.
Қазіргі уақытта ауылда орталықтандырылған ауызсу жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаны биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Келесі нысандар Бестөбе кентінде орналасқан.
Мұнда жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталады: парталардың биіктігі реттеледі, оқушылар үшін жеке шкафтар орнатылады және т.с.с. Сондай-ақ, көмір сақтауға арналған арнайы қойма салынды. Бестөбедегі тағы бір нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт алаңы. Қала әкімі құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді. Сапар одан әрі Байқоныс ауылында жалғасты.
Ауылішілік жолдарды асфальт-бетон жамылғысымен төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасы – басты назарда. Жұмыс сапарының соңғы нысаны – Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйі болды. Әкім құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жобаның сапалы және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.