Степногорск қаласына қарасты елді мекендерде ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны жалғасуда.
Азаматтар өздерінің сайлау құқығын пайдаланып, дауыс беруге қатысып жатыр. Бестөбе, Заводской кенттері мен Изобильное, Қарабұлақ ауылдары, сондай-ақ Бөгенбай ауылдық округінде дауыс беру тиісті тәртіпке сай ұйымдастырылған.
Учаскелік сайлау комиссиялары дауыс берудің заңдылығын қамтамасыз етуде. Алғашқылардың бірі болып келген сайлаушыларға символикалық естелік сыйлықтар табысталды.
Сайлауға қатысу үшін жеке куәлік болуы міндетті. Дауыс беру тіркелген тұрғылықты мекенжай бойынша жүзеге асырылады.