Бүгін Степногорск өңіріне қарасты Бестөбе кенті, Заводской кенті, Бөгенбай ауылдық округі, Қарабұлақ және Изобильное ауылдарында ауыл әкімдерінің кезекті сайлауы өтуде.
Сайлау қазіргі әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізіліп отыр. Сайлау барысын Степногорск қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастыруда.
Дауыс беру үшін 8 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеуде.
Сайлау учаскелері:
▫️ Бестөбе кенті – №87, №88, №89
▫️ Бөгенбай ауылдық округі – №92, №93
▫️ Қарабұлақ ауылы – №90
▫️ Изобильное ауылы – №95
▫️ Заводской кенті – №80
Заводской кентіндегі №81 учаскесінде тіркелген сайлаушылар болмағандықтан, дауыс беру жүргізілмейді.
Жалпы сайлаушылар саны – 7133 адам. Сайлауға барлығы 15 кандидат тіркелді: 5-еуі – «AMANAT» партиясынан, 10-ы – өзін-өзі ұсынғандар.
Дауыс беру таңғы 7:00-де басталды және кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Барлық учаскелер қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Барлығы 46 комиссия мүшесі жұмысқа тартылған.