Бүгін, 2025 жылдың 13 шілдесінде, таңғы сағат 7:00-ден бастап Степногорск қаласы аумағында ауылдық округ әкімдерін сайлау басталды.
Сайлау Бестөбе, Заводской кенттері мен Изобильное, Қарабұлақ ауылдары, сондай-ақ Бөгенбай ауылдық округі бойынша өтуде.
Әрбір азамат дауыс беру үшін өзімен бірге жеке куәлігін алып келуі тиіс.
Сайлау, учаске аумағында тіркелген және дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімі негізінде, заңнамаға сәйкес ұйымдастырылуда. Бұл тізімдерді әкімдіктер тұрғындардың тұрғылықты мекенжайы бойынша әзірлеген.