Бүгін қала әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарға жұмыс сапарымен барды.

Бүгін қала әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарға жұмыс сапарымен барды.

Бүгін қала әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарға жұмыс сапарымен барды.

Кезекті жұмыс сапары барысында қала басшысы құрылыс және әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Алдымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысы қаралып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

№1 шағын ауданындағы 39-үй тұрғындарымен кездесу өткізіліп, үйдің техникалық жай-күйі және жертөледегі ақаулар жөніндегі шағымдар тыңдалды. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен тұрғын үй кооперативінің шаруашылығына нақты тапсырмалар берілді.

Әкім Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасына барып, тамақтандыру бөлімінің қызметімен танысты. Ғимараттың жай-күйі, жалпы жағдайы тексеріліп, оны жақсарту бойынша ұсыныстар мен шешім жолдары талқыланды.

Жекеменшік «Өнер мектебі» ұйымында өнер саласы бойынша білім беру мен шығармашылық ұйымдардың жұмыстары көрсетіліп, мекеменің материалдық базасымен танысу өткізілді.

«Таңшолпан» ғимаратында жүргізілген тексеру барысында нысанның қазіргі жағдайы бағаланып, оның алдағы уақытта қалай пайдаланылатыны туралы жоспарлар қаралды.

Қалалық автовокзалдағы жөндеу жұмыстарының қарқыны, техникалық қадағалау, нысанның дайындық деңгейі де назарға алынып, құрылыс жұмыстарының сапасы талқыланды.

Сапар аясында азаматтардың өтініштері тыңдалып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс салалары бойынша нақты тапсырмалар берілді.