Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 15.00-де Степногорск қ. мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Степногорск қ. халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты