
Степногорск қаласында Ұлттық Домбыра күні аталып өтті
6 шілде күні «Горняк» Орталық мәдениет сарайында «Ұлттық Домбыра күні – Ұлт болмысы» атты музыкалық-поэтикалық концерт өтті.
Мақсаты – ұлттық домбыра өнерін дәріптеп, халықтың рухани санасын байыту. Шараға мемлекет және қоғам қайраткері, халықаралық кеңестің елшісі Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов жетекшілік етті. Концертке Астана қаласынан арнайы келген еліміздің белгілі өнерпаздары: күйші Қайрат Айтбаев, дәстүрлі әнші Ербол Айтбаев және жыршы Күнсұлу Түрікпен қатысты. Кеш жүргізушісі – ақын Ұмтыл Зарыққан.
Кеш барысында дәстүрлі күйлер мен жырлар орындалып, көрермендер рухани ләззат алды. Концерт соңында Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы өнерпаздарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
Ұлттық өнерді ұлықтаған бұл кеш тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлап, өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттырды.