Бүгін жұмыс сапары аясында Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ермек Нұғманов Степногорск тау-кен химия комбинатына барды.
Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында ардагерлерді әлеуметтік қолдау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, еңбек дәстүрлерін сақтау мен аға буынның корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.