Бүгін қаламызға жұмыс сапарымен Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нуғманов келді.

Бүгін қаламызға жұмыс сапарымен Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нуғманов келді.

Бүгін қаламызға жұмыс сапарымен Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нуғманов келді.

Сапар аясында ол жергілікті ардагерлер қауымымен, қалалық ардагерлер кеңесінің және ақсақалдар кеңесінің төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысы, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің қызметі, зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруді ұйымдастыру және т.с.с. өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген бірқатар ардагерлерге алғыс хаттар табысталды.

Мұндай кездесулер аға буын өкілдерінің қаламыздың қоғам өміріне белсене қатысуына, сондай-ақ олардың ұсыныстары мен тәжірибесін ескере отырып тиімді шешімдер қабылдауға ықпал етеді.