Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Степногорск қаласына келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Степногорск қаласына келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Степногорск қаласына келді

Бүгін Степногорск қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында сенатор бірқатар әлеуметтік және өндірістік маңызы бар нысандарды аралады. Атап айтқанда, ол «Степногорск – су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты «Сопка-305» су тазарту кешенінің жұмысымен танысты. Нысанда қаланың таза ауыз сумен қамтылуын жақсартуға бағытталған жұмыстар барысы талқыланды.

Сондай-ақ, сенатор «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-інде болып, өндірістік үдерістің барысымен танысты. Кәсіпорын өкілдерімен кездесуде ол жылыжайда өсірілетін өнім көлемін, өткізу нарықтарын және маусымдық қуаттылығы жайлы сөз қозғады.

Бұдан бөлек, Талғат Жүнісов Степногорск жоғары колледжіне және Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтегі спорт мектебіне барып, білім беру және спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Жоғары колледжді аралау барысында ерекше назар білікті мамандарды даярлауға аударылды. Ал спорттық мектеп ұжымымен кездесу барысында мұнда олимпиадалық резервке үміткер спортшылар даярланатыны, сондай-ақ әр жылдары ел намысын қорғаған танымал чемпиондардың осы мектептен түлеп ұшқаны айтылды.