Бөгенбай ауылының 90 жылдығы аталып өтті
2025 жылғы 28 маусымда Бөгенбай ауылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Ауыл күніне арналған салтанатты шараға қала әкімінің аппаратының басшысы Мэлс Жұмабаев қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ол ауылдың дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғысын білдірді.
Мереке аясында ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды.
Мерекелік бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасып, спорттық жарыстармен толықты. Қатысушылар өздерінің шеберліктері мен командалық рухын көрсетіп, ауыл тұрғындары белсенді жанкүйерлік танытты. Іс-шара ауыл өмірінің жарқын көрінісіне айналды.